Babalar Press — қазақ адамдардан* қазақ адамдарға арналған эксперименттік зерттеу, жазу және басылым бастауы.
* Бұл уақытша термин: Біз "қазақ адамдары" деген терминге қазақстанда туып өскен/тұрып жатқан/өздерін қазақ жері/елі/ тарихы мен мәдениетімен байланыстыратын адамдарды атаймыз. Кәзіргі тілде бар "қазақстандық" деген терминге сұрақтарымыз көп, ал "қазақ" деген термин көбінесе тек этникалық ұғымда қолданатындықтан, біз уақытша, өтпелі термин ретінде "қазақ адамдары" деген сөз тіркесті пайдаланамыз. Мүмкін, біраздан кейін біз басқа сөз тіркесін қоданатын боламыз.
Babalar Press жобасының негізгі сенімі ол - біз өз дауыстарымыз бен ата-апа-бабамыздың білімін, тек өзіміздің шығармашылық зерттеу мен пайдалану арқылы, сол білімге құқығымызды қайтарып, оларды өзекті түрінде сақтай аламыз.
Babalar zines ( "zine" - [ зин ] - тәуелсіз шығармашылық басылым, журнал) 3-/көптілді баспа және цифрлық түрде, қазақ практиктер мен зерттеушілердің өз жеке және ұжымдық бабаларымыздың білімдерін зерттейтін, немесе сол бабаларымыздың білімі, тарихы, әңгімелері, қол-өнерлеріне сүйініп жасалған, сонымен бірге болашақ үшін соларды тәжірибелеген, бейімдеген немесе жаңаша ойлап тапқан, мазмұндама* жинақтары ретінде шығатын болады.